Ықылас және дұға

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Ертеңге дейін жетуіміз белгісіз, алайда бүгін мүмкіндік қолымызда. Ахиретте пайдасы тиетін іс жасау үшін бүгінгі күннің қадірін білуіміз керек. Ең жақсы дос – адамға ахиретті еске түсіретін кісі. Ал ең жаманы – дін бауырын дүниелікке байлайтын...

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Сұрақ: Намаз біткеннен кейін не айтылады?

Жауап: Намазын жалғыз немесе имаммен оқыған адам екі жаққа сәлем бергеннен кейін «Аллаһуммә әнтәс-сәләм уа минкәс-сәләм, тәбарактә иә зәл-жәләли уәл-икрам» деп айтады.

Жолға шығарда не оқу керек

Сұрақ: Сапарға шығарда оқылатын дұға бар ма?

Жауап: Сапарға шығатын адам екі рәкат намаз оқуы керек және садақа беруі керек. Хазреті Заһид Әбул Хасан Ғазуи «Сапарға шығарда “Ли иләфи қурайш” сүресін оқыған адам бүкіл жамандықтардан амандықта болады.» деп білдірген. (Шира)

Тұмар тағу

Сұрақ: Дұға оқып ауру адамға үрлеу және тұмар тағып жүру дұрыс емес нәрсе ме?

Жауап: Жоқ, дұрыс нәрсе. Бұл туралы кітаптарда былай делінген:

Аяти кәриманы және Расулуллаһтан келген...

Тағдырға сену

Алтыншы шарт

Тағдырға сену

Уә бил қадари хайриһи уә шарриһи мин Аллаһи Та’ала: Тағдырға, жақсылық пен жамандықтың Аллаһтан екендiгiне сендім деген. Адамдардың басына келетін жақсылық пен жамандық, пайда мен зарар, табыс пен зиянның барлығы да Аллаһу та’ала қалауымен болады.

Зәм сүре оқуға қатысты сұрақтар

Рукуда еске түсу

Сұрақ: Намазда зәм сүрені оқымағандығы рукуде есіне түскен адам не істейді?

Жауап: Рукудан көтеріліп зәм сүресін оқиды. Кейін қайтадан рукуға иіледі. Бұл жағдайға сәһу сәждесі қажет емес деген ғалымдар болуымен қатар, қажет деген ғалымдар да бар.

Кісіге артынан дұға ету өте құнды

Сұрақ: Досымның хабары болмастан, оның артынан еткен дұғамның қабыл болатындығы рас па?

Жауап: Иә, бір мүминнің басқа дін бауырына, оған білдірмей, яғни артынан жасаған тілек-дұғасын Аллаһу та’ала қабыл етеді. Бұған ғиябта (өзіне білдірмей, оның хабарынсыз) дұға ету делінеді. Бетпе-бет етілген дұғаға рия (көз бояушылық) араласуы мүмкін, бірақ артынан етілгенде тек Аллаһ разылығы үшін дұға етілген болады. Аллаһ разылығы үшін жасалған тілек-дұғаларды Аллаһу та’ала қабыл етеді. Дін бауырына оның хабарынсыз дұға еткен кезде Аллаһу та’ала бауырымыз үшін сұраған нәрсені алдымен бізге береді. Хадис шәрифтерде былай делінген:

Сұбха намазы

Дәрет алғаннан кейін оқылатын екі рәкат намаз «Сүбха намазы» деп аталады. Намаз оқылуы мәкрух болған уақыттардан тыс кез-келген уақыттарда оқуға болады. Дәрет алғаннан немесе ғұсыл алғаннан кейін артынша дереу сүбха намазын оқу өте сауапты болады. Қазасы бар адам, қаза намазына және сүбха намазына ниет етсе, әрі қазасын өтеген болады, әрі сүбха намазының сауабына қауышады. Уақыттың парызын немесе сүннетін оқитын кезде осы намазға да ниет ету өте жақсы болады. 

Ит пен қораздың тілі

 Күндердің күнінде бір адам Мұса алейһиссаламға келіп:

-    Ей Мұса, мен үшін бір дұға етсеңіз жануарлардың тілін түсінетін

болайын, олардан өзіме сабақ алып, жақсы адам болар едім-деп өтінеді. Сонда Мұса алейһиссалам:

-    Сен үшін осы халің қайырлы (жақсы), көтере алмайтын жүкті арқалауға